Прямой эфир
Астана
25.77°C
Батыс Қазақстандағы колледждің бірінде бюджет қаражаты жымқырылған, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
"Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының директоры оқу процесіне қатыспаған 54 адамды жалған түрде білім алушы ретінде тіркеген.
"Бұл адамдар белсенді студенттер ретінде көрсетіліп, оларға жалған баға қойылған. Сабаққа қатысу табельдері мен үлгерім бойынша құжаттары рәсімделген, сондай-ақ стипендиялар берілген. Кейбіріне тіпті шәкіртақы көбірек төленген", - дейді ведомство.
Жалған студенттердің атына банк шоттары ашылып, сол шоттарға стипендия төлемдердері аударылған. Банк карталары директорға немесе оның нұсқауымен өзге адамдарға қолма-қол ақша алу және қаражатты әрі қарай пайдалану үшін тапсырылып отырған. Колледж директоры 49 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген. Ақша жымқырған директор үйқамаққа алынды. Тергеу жүріп жатыр.