Прямой эфир
Астана
25.77°C
Түркістан облысының Жетісай ауданында болған өрттен кейін ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды paryz.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше өңірдің медициналық қызметі зардап шеккендерге жедел түрде көмек көрсетуді бастады.
"Медициналық мекемелерге үш адам – екі ересек және бір бала жеткізілді. Барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты", - деп жазылған хабарламада.
Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізіліп жатыр, олардың жағдайы салалық мамандардың толық бақылауында.
"Жедел медицина желісі бойынша күшейтілген жұмыс тәртібі енгізілді", - дейді мамандар.
Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмекпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етілді.