Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 20.11.2025 15:43 Обновлять, 20.11.2025 17:11

Хромтау қаласының әкімі ұсталды

Ақтөбе облысы Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Хромтау қаласының әкімі ұсталды
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысы сотының мәліметінше ол пара алды деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен әкім екі айға қамауға алынды.

Бұл ақпаратты облыстық сот растады.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы "Пара алу" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша Шабықбаев жергілікті кәсіпкерлердің бірінен заңсыз сыйақы алған.

40 жастағы Сағындық Шабықбаев қала әкімі болып екі жыл бұрын тағайындалған. Оған дейін әкімнің орынбасары қызметін атқарған.