Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен шағымды қарастыруды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен шағымды қарастыруды тапсырды
Фото: The washington post

Бүгін Астанада министрліктер үйі ғимаратының алдында әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митинг өткізіп, әділ тергеу жүргізуді талап етті. Қорғаныс министрлігі қаза болған сарбаздардың ата-аналарымен кездесіп, мәлімдеме жасады.

Ведомство ашық диалогқа дайын екенін және әрбір істі жан-жақты қарауға уәде берді. Министрлік әскерде тәртіп пен моральдық ахуалды жақсарту шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ бақылау күшейіп, психологтар тартылғанын және жасанды интеллектіге қосылған бейнебақылау жүйелері енгізіліп жатқанын хабарлады.