Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада мас ер адам лифт шахтасына құлап кетті

Астанадағы тұрғын үй кешенінде мас ер адам жарамсыз лифт шахтасына құлап, тағы бір тұрғын лифт ішінде қысылып қалды. Құтқарушылар екеуін де аман алып шықты, деп хабарлайды paryz.kz.

Астанада мас ер адам лифт шахтасына құлап кетті
Фото: gov.kz

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 қараша күні сағат 05:11-де «112» пультіне Нұра ауданындағы Сығанақ көшесі, 32 мекенжайында орналасқан тұрғын үй кешенінен хабар түскен.

Хабарламада лифт ішінде адам қалып қойғаны және тағы бір адамның лифт шахтасына қысылып қалуы туралы айтылған.

Оқиға орнына жедел құтқару жасағының қызметкерлері дереу жетіп, қол құралдарының көмегімен лифт есігін ашып, 1994 жылы туған ер адамды аман алып шыққан. Ал екінші ер адам – 1987 жылы туған тұрғын мас күйде болған және жарамсыз лифт шахтасына құлап кеткен.

Құтқарушылар лифт қызметінің мамандарымен бірге оны шахтадан шығарып, медициналық бригадаға тапсырды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ер адамның жағдайы мен оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.