Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қызылорда облысында көкпаршыларды қаққан жүргізушіге қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда облысында жүргізуші көкпаршыларды көлікпен қаққан, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Қызылорда облысында көкпаршыларды қаққан жүргізушіге қылмыстық іс қозғалды
фото: видеодан скриншот

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда топтасып тұрған көкпаршылардың арасына белгісіз біреулер көлікпен килігеді.

Полицияның айтуынша оқиға 1 қарашада Шиелі ауданының Алғабас ауылында Шиелі кентінің тұрғыны ұйымдастырған көкпар ойыны кезінде болған.

"102 арнасына ешбір хабарлама түскен жоқ. Қазіргі уақытта бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік жүргізушісі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді", - дейді ведомство.

Тергеу аясында оқиғаның барлық қатысушысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Полиция кез келген спорттық-бұқаралық және басқа да ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде уәкілетті органдарды хабардар ету қажеттігін еске салды. Осы тәртіпті бұзғаны үшін іс-шараны ұйымдастырушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.