Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға іздеу жариялады

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатеринаға іздеу жариялады, - деп хабарлайды paryz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға іздеу жариялады
фото: әлеуметтік желіден

Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берілген жауапқа сәйкес, Екатерина Биволға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланған.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр", – деп хабарлады ІІМ. Тергеудің мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.