Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев халықаралық білім форумына қатысып, шетелдік үздік университеттер басшыларымен кездесті

Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысып отыр, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев халықаралық білім форумына қатысып, шетелдік үздік университеттер басшыларымен кездесті
Фото: Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, форумда үздік шетелдік университеттердің жетекшілері, халықаралық рейтинг және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері бас қосты.

«Атап айтқанда, Quacquarelli Symonds компаниясы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Кардифф университеті, Вусонг университеті, МИФИ, Минерва университеті және басқа да жетекші жоғары оқу орындары бар, - делінген хабарламада.