Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев телефон арқылы Лукашенкомен сөйлесті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тоқаев телефон арқылы Лукашенкомен сөйлесті
Фото: Ақорда

Ақорда жазғандай, тараптар қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.

Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

«Қазақстан Президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды», - деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.