Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары, экс-депутат Бақытгүл Хаменованың тойға қатысқан сәті әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Бейнежазбада оның шенеуніктер мен полиция қызметкерлерінің қатарында, алдыңғы қатарда тұрғаны анық көрінеді. Бөлісу: Фото: Атырау облысының әкімдігі Аталған жағдай қызу талқыланып жатыр.
Еске сала кетейік, Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнату кезінде 4,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот шешімімен ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленген.
Атырау облыстық соты бұл жайтқа қатысты үкімнің орындалуына қатысты мән-жайды еске салды. – Үкімнің орындалуы 3 жыл мерзімге кейінге қалдырылған. Бұл шешім сотталушының асырауындағы екі жас баласының болуына байланысты қабылданды, - деп хабарлады Атырау облыстық соттың баспасөз қызметі.