Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесіне байланысты 25 қазан, сенбі күні барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Paryz.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 қазан, дүйсенбі күні тек кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған орталықтар ғана жұмыс істейді. Кәдімгі ХҚКО-ларда азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін, ал мамандандырылған ХҚКО-ларда – 9:00-ден 12:00-ге дейін жүргізіледі.
Құжаттарды беру процесі мамандандырылған орталықтарда 13:00-ге дейін жалғасады. 28 қазаннан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалыпты жұмыс тәртібіне оралады. Кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған орталықтардың өзекті тізімін
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Instagram-дағы ресми парақшасынан немесе 1414 нөміріне қоңырау шалып білуге болады.