Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Талдықорғанда 17 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Талдықорғанда халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаменті.

Талдықорғанда 17 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды
фото: Sputniknews

Облыс орталығы Талдықорғанда Жетісу облысының полиция қызметкерлері 54 жастағы күдіктіні ұстады.

Ер адам 2008 жылдың 15 мамырынан бастап ауыр қылмысты жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.

"Бұл қылмыс есірткілік және психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, дайындау және қайта өңдеумен байланысты", - дейді ведомстводағылар.

Мұндай әрекет үшін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған күдікті қамауға алынды.