Ақтөбе облысындағы жол апатының себептерін тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының маңында болған жол-көлік оқиғасының себептерін анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылған.
Комиссия жұмысты дереу бастау, жол апатының себептерін жан-жақты тексеріп, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына алғашқы көмек көрсету керек.
Комиссияға Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жетекшілік етеді.
Оның құрамына Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жетекшілері, сондай-ақ Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы енді. Комиссияның негізгі міндеті – оқиғаға қатысты барлық мән-жайларды мұқият зерттеп, тиісті шаралар қабылдау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ұсыныстар әзірлеу.