Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Келесі аптада Қазақстанға Финляндия президенті келеді

Қазақстан президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия президенті Александр Стубб келеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Келесі аптада Қазақстанға Финляндия президенті келеді
Фото: Ақорда

Ақорданың мәліметінше ресми сапар 28-29 қазан күндері өтеді.

"Сапар аясында мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды", - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті елорда әуежайынан шығарып салған болатын.