Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Полиция алаяқтардың тұрғындарды қалай алдайтынын көрсетті

Семей тұрғынына алаяқтар бейнеқоңырау шалып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық полицияға сілтеме жасап.

Полиция алаяқтардың тұрғындарды қалай алдайтынын көрсетті
CCO

Алайда тұрғын сақтық танытып, бірден Семей қалалық полиция басқармасының Затон полиция бөлімшесіне жүгінген.

"Алаяқтар азаматқа оның атына кредит рәсімделгенін айтып, "қылмыстық әрекеттердің алдын алу үшін" SMS арқылы келген кодты айтуын сұраған", - деп жазылған хабарламада.

Затон полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ернар Ахметов жалған полицейлермен жеке сөйлескеннен кейін, олармен байланыс үзіліп қалған.