Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі.
"Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айында Ресейге мемлекеттік сапармен барады. Жақында Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесіп, Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындық барысын талқылады.