Ұлттық қауіпсіздік комитеті іздеуде жүрген Қазақстан азаматы азаматы шетелден экстрадицияланғанын хабарлады.
"2025 жылдың 11 қазанында ҰҚК ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық Орталық бюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Экс-адвокат аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды, дейді комитеттегілер.