Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Президент жасанды интеллект технологияларын жауапкершілікпен пайдаланғануға шақырды

Мемлекет басшысы Астанадағы Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумында cөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.

Президент жасанды интеллект технологияларын жауапкершілікпен пайдаланғануға шақырды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа технологияны адамзат игілігіне пайдалануды, оны прогресс пен ынтымақтастықтың қозғаушы күшіне айналдыруды басты міндет ретінде атады. Президент қазір жаһан жұртшылығы жасанды интеллект дәуіріне қадам басқанын айтты. Сондықтан озық технологияның жоғары қарқынмен дамуы саясатқа, экономикаға және миллиардтаған адамның өміріне тікелей әсер етіп жатыр.

"Сарапшылардың бағалауынша, жасанды интеллектінің дамуына соңғы жылдары дүние жүзі бойынша бір триллион доллардан артық инвестиция салынған. Ал аталған саланың әлемдік экономикаға қосатын үлесі таяу онжылдықта жеті триллион долларға дейін жетуі мүмкін. Әйтсе де мұндай оң нәтижеге аталған технологияны жауапкершілікпен пайдаланған кезде қол жеткізуге болады", - деді президент. 

Сол себепті қазіргі таңда жасанды интеллект саласындағы жауапкершілік туралы қызу пікірталас жүріп жатыр, дейді мемлекет басшысы. 

"Отыз жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздік жолын таңдап, ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бүгінде еліміз жасанды интеллект бейбіт мақсатта ғана қолданылуға тиіс деп батыл түрде мәлімдейді. Оның әскери салада, кибершабуылдарға және халықаралық тұрақтылыққа қатер төндіретін жобаларда пайдаланылуына жол беруге болмайды", - деді Тоқаев.