Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Бейнеуде жаппай төбелес кезінде 17 жастағы бозбала ажал құшты

Маңғыстау облысындағы Бейнеу елді мекенінде жаппай төбелес кезінде17 жастағы бозбала көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz Astana TV-ға сілтеме жасап 

Бейнеуде жаппай төбелес кезінде 17 жастағы бозбала ажал құшты
Фото: istockphoto.com

Полицияның мәліметінше төбелеске 15 адам қатысқан, олардың бірі 17 жастағы жігітті көлікпен басып өткен.

Полицейлер төрт адамды қамауға алды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды: өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіру; бұзақылық. Ұсталғандардың ата-аналары балаларға қатыгездік танытылғанын айтып, құқық қорғау органдарына шағым түсірген.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеуді бастады. Оның қорытындысы бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты құқықтық баға беріледі", - дейді Маңғыстау облыстық прокуратурасы бірінші басқармасының бастығы Данияр Төлегенов.

Оның айтуынша қазір кешенді сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.

"Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің нақты неден көз жұмғанын анықтайды. Сол кезде біз бұл жайттарға қатысты нақты және дұрыс баға бере аламыз", - деп атап өтті Данияр Төлегенов