Бүгін Қазақстанда стейблкоин ресми түрде айналымға шығарылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, биыл цифрлық активтерге арналған жүйе іске қосылған болатын. Соның негізінде стейблкоин да айналымға шығарылып отыр.
"Стейблкоин теңгемен есептеледі. Онымен криптовалютаны айырбастауға болады. Сондай-ақ, криптокартаның көмегімен төлем жасауға мүмкіндік бар", - деді Сүлейменов банкте өткен ресми шарада.
Банк басшысының айтуынша, қазақстандық стейблкоин цифрлық активтерді өз елімізде шоғырландыруға жағдай жасайды. Айта кетері, алғашқы қазақстандық стейблкоинді "EVO" (Evolution - эволюция) деп атады.