Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Құрылтай сайлауында алғашқы 23 сайлаушыға жаңа Конституция табысталды

23 тамыз күні Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында орналасқан №50 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды paryz.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Құрылтай сайлауында алғашқы 23 сайлаушыға жаңа Конституция табысталды
Фото: ӨКҚ

Сайлау учаскесінің жұмысы сағат 07:00-де басталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен ашылды. Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Салтанат Ерсағатқызы Төлеу сайлау шарасының басталғанын жариялап, дауыс берушілерді өз азаматтық таңдауын заң талаптарына сәйкес еркін әрі құпия түрде жасауға шақырды.

Сайлау - әр азаматтың ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіретін маңызды демократиялық рәсім. Осы ретте әрбір сайлаушының дауысы елдің қоғамдық-саяси өміріне қосылған үлес болып саналады. Сайлау учаскесінде алғашқы болып дауыс берген азаматтарға да ерекше құрмет көрсетілді.

Азаматтық белсенділік танытып, сайлауға алғашқылардың бірі болып келген 23 тұрғынға Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституциясы сыйға тартылды.

Алғашқы дауыс берушілер қатарында: Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркимбек Бейсембекович, жұбайы Досымбекова Камиламен келіп дауыс берді, сонымен қатар Болеген Гүлдархан, Затыбеков Алим, Абдуалиев Ғабит, Жалғас Аружан, Усербаев Болат, Усербаева Гүлназ, Кошербаева Айжан, Ауезов Мухамед, Аязбаева Нәсіп және өзге де азаматтар болды. Барлығы 23 алғашқы сайлаушыға сыйлықтар табысталды.