Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақсуда ішінде екі адам отырған көлік суға батып кетті

Павлодар облысы Ақсу қаласында екі балықшы отырған көлік суға батып кетті. Олардың денесі судан шығарылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақсуда ішінде екі адам отырған көлік суға батып кетті
Фото: Pixabay

Басылымның хабарлауынша, 17 қыркүйекте сағат 00:30-да "112" пультіне Ақсу қаласында орналасқан Белая өзенінде екі адамы бар "Нива" көлігі абайсызда суға түсіп кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Павлодар қаласынан Ақсуға ТЖД Жедел-құтқару жасағының күштері жіберілді.

Сағат 07:45-те құтқарушылар 1960 және 1977 жылдары туған ер адамдардың денесі судан шығарылды. ТЖ департаменті су айдындарында әсіресе қараңғы түскен уақытта өте сақ болуды сұрады.