Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазанда және Республика күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады

Биыл қазанда қазақстандықтарға ұлттық мереке – Республика күніне байланысты қосымша демалыс беріледі, деп хабарлайды Paryz.kz. Осылайша келесі айда ел тұрғындары жалпы 9 күн демалады.

Қазанда және Республика күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады
Фото: Maksim Konstantinov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

2025 жылғы мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, биыл қазанда ел тұрғындары 9 күн демалады. 25 қазан – Республика күні атап өтілетініне байланысты қазақстандықтарға қосымша демалыс беріледі.

2025 жылы Республика күні сенбіге түсіп тұр. Заң бойынша, егер ұлттық мереке демалыс күніне, яғни сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, онда демалыс бір күнге ұзартылады. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 25, 26 және 27 қазанда демалады.