Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

БҚО-да аудандық кітапхана есепшілері 46 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысының Экономикалық тергеу департаменті "Теректі ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады, деп хабарлайды Paryz.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

БҚО-да аудандық кітапхана есепшілері 46 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: NUR.KZ

Басылымның тергеу нұсқасына сүйеніп хабарлауынша, мемлекеттік мекеменің бас есепшісі мен есепшісі 2023-2025 жылдар аралығында қылмыстық келісімге келіп, жоқ тұлғаларға ай сайынғы еңбекақы төлемін есептеп отырған.

Олар ақшаны өздерінің шоттарына аударған. Осылайша мемлекетке 45,9 млн теңге залал келтірілген. 

"Департамент қызметкерлері қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар анықталып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өндірілді", - деп хабарлады басылым тілшісіне Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті өкілдері. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.