Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Еуропа қарашы, бұл қазақтың апасы»: 67 жастағы зейнеткер желі жұлдызына айналды

Арнольд Шварценеггерге ұқсаған қазақстандық зейнеткер TikTok-та жұлдызға айналды, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Еуропа қарашы, бұл қазақтың апасы»: 67 жастағы зейнеткер желі жұлдызына айналды
фото: видеодан скриншот

67 жастағы қазақстандық зейнеткер әйел әлеуметтік желі қолданушыларын ерекше физикалық мүсінімен таңғалдырды. Бар-жоғы үш күн ішінде оның бейнероликтері TikTok-та миллионнан аса қаралым жинап үлгерген.

Бейнелерді әйелдің қызы жариялаған. Көпшілік оны “Шварц-апа” деп атап кеткен. Әсіресе ауыл ішінде мотоцикл мініп жүрген сәттері жұртты таңырқатып, тіпті Арнольд Шварценеггерге ұқсатқандар да болған. Қуатты дене бітімі желі қолданушыларын тәнті етіп, спортпен шұғылдануға мотивация берген. 

– «Еуропа қарашы, бұл қазақтың апасы», – «Ауылдың тірегіндей апа екен», – «Шашының өзі 18 жастағы қыздікіндей», – «Нағыз сұлу әрі мықты жан. Ұзақ ғұмыр берсін, үлгі тұтамын», – «Қазақтың Томирисі ғой», – деп жазып, жылы пікір қалдырғандар көп болды.