Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алаяқтар Google қызметкерлерін алдап, Gmail деректерін ұрлаған

Google деректерінің тарап кетуіне байланысты 2,5 миллиард Gmail аккаунтына қауіп төніп тұр. Бұл туралы Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қатерлерді болжау орталығы мен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алаяқтар Google қызметкерлерін алдап, Gmail деректерін ұрлаған
Baq.kz

Тексеру барысында әлемдік интернет кеңістігін бақылау барысында Google деректер базасын бұзу фактісінің анықталғаны және бұл жағдай Gmail қолданушыларының деректерінің тарап кетуімен байланысты екені анықталған.

Ұйымдастырушы ShinyHunters хакерлік тобы 2,5 миллиардқа дейінгі акаунтқа қатысты байланыс дерек көздеріне қол жеткізген. Бірақ парольдардың өздері тікелей ұрланбаған. Шабуыл әлеуметтік инженерия арқылы жүзеге асқан. Алаяқтар Google қызметкерін алдап, IT-жабдыққа қол жеткізуге мәжбүрлеген және Salesforce Data Loader қосымшасын заңсыз пайдаланған.

Бұл деректерді қолдана отырып, қылмыскерлер Google атынан қоңырау шалып, жалған хабарламалар таратып, қолданушылардан Gmail паролін қалпына келтіруді талап еткен. Осылайша олар кодтар мен құпиясөздерді немесе аккаунттарға қолжетімділікті иемденген, - деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында.