Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев жаңа АЭС-тің атауына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оның атауына қатысты тиісті өлшемшартты айқындадық. Бұл тұрғыда тарихи әрі имидждік маңыздылығы ескеріледі. АЭС атауы тарихи-мәдени мұраны қамтиды, — деді Алмасадам Сәтқалиев.
Оның айтуынша, АЭС-тің құрылысы аясында Үлкен ауылындағы алаңда жобалау және сынама алу жұмыстары басталды.
— Стандарт бойынша бұл жұмыстар екі жылдан кем емес уақыт бойы жүзеге асырылады. Жобалау-сметалық құжаттамаға түзету енгізіледі. Осыдан кейін оның бәрі тиісті мемлекеттік сараптамадан өтіп, құрылысты бастауға рұқсат алуы керек. Сондықтан екі жыл уақыт керек. Қазір екі елдің қаржы министрліктері (Қазақстан мен Ресей) арасында мемлекетаралық несиені алуда бесенді келіссөз жүріп жатыр, — деді агенттік басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, жобалау мен құрылысты ескере отырып, орташа есеппен 10-12 жылда АЭС пайдалануға беріледі.