Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Таразда дроппер-студент 2 млн теңгеден астам қаржыны қайтаруға міндеттелді

Тараз қалалық соты дроппер-студентті заңсыз алынған ақшаны қайтаруға міндеттеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Таразда дроппер-студент 2 млн теңгеден астам қаржыны қайтаруға міндеттелді
фото: Sputniknews

Тараз тұрғынының атына белгісіз адамдар 2 млн теңгеден астам сомаға онлайн несие ресімдеген. Алынған қаражат оның келісімінсіз басқа адамдардың шоттарына аударылған.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында ақша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студентінің шотына түскені анықталды", - деп соттың хабарламасында. 

Жауапкер Жақсылық есімді адамның өтініші бойынша өзі және оның курстастары мобильді қосымша арқылы банктік шоттар ашқанын түсіндірді. Оның айтуынша, белгісіз біреу телефонын бұзып кіріп, ақшаны рұқсатсыз аударған – ол ақшаның түскенін және кейіннен пайдаланылғанын білмеген. Талап қоюшы жауапкерден 1,9 млн теңгеден астам негізсіз баю сомасын, 241 мың теңге мөлшеріндегі шығын сомасын және 220 мың теңге мөлшеріндегі сот шығысын өндіріп алуды сұрады. 

"Сот жауапкердің банк жүйесінде дербес тіркелгенін және бес виртуалды картаны ресімдегенін анықтады, сондықтан оның білмегені туралы дәлелдері дәрменсіз деп танылды", - дейді қалалық сот.

Сот шешімімен талап қою арызы ішінара қанағаттандырылды: жауапкерден 1,9 млн теңгеден астам негізсіз баю сомасы және 210 мың теңге мөлшеріндегі сот шығысы өндірілді. Шешім заңды күшіне енді.