Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтөбеде ер адам есірткіге мас күйде көлік жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталды

Ақтөбе қаласында «Kia Rio» автокөлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйінде ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Ақтөбеде ер адам есірткіге мас күйде көлік жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталды
фото: видеодан скриншот

Тексеру кезінде 31 жастағы жүргізушіден ұнтақ зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат синтетикалық есірткі екені анықталды. Сонымен қатар, жүргізілген медициналық куәландыру оның есірткілік масаң күйде көлік басқарғанын растады.

«Есірткі құралдарын заңсыз пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Есірткілік мас күйінде көлік басқарғаны үшін жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Полиция департаменті ескертеді: Көлік құралын есірткілік немесе алкогольдік масаң күйде басқару – қатаң жауапкершілікке әкеліп қана қоймай, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға және жолда жауапты болуға шақырамыз», – делінген хабарламада.