Берік Нәжімиденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бүгін сенаттың жалпы отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов президенттің ұсынымын оқып берді.
Ұсынымда Берік Нәжімиденовті басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы айтылған.
Сенаторлар Нәжімиденовті қызметінен босатуды қолдап дауыс берді. Дмитрий Малахов Берік Нәжімиденов тәжірибелі заңгер екенін, биыл маусымда президент жарлығымен Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы болып тағайындалғанын атап өтті.