Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтөбе облысында үлкен аумақта құрғақ шөп жанды

Ақтөбе облысында үлкен аумақта даладағы құрғақ шөп өртенді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Ақтөбе облысында үлкен аумақта құрғақ шөп жанды
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Өрт Әйтеке би ауданының Сұлукөл ауылынан 20 шақырым қашықтықта болған. Құрғақ шөп өртенген аумақ шамамен 550 гектарды құрады.

Өртті сөндіру күшті жел мен жоғары температураға байланысты қиындық туғызды, дейді ТЖМ. Алайда ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт толықтай сөндірілді.

Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары, "Ауыл құтқарушылары" ерікті өртке қарсы құрылымдары, жергілікті атқарушы орган және орман шаруашылығы қызметкерлері жұмылдырылды. Барлығы 75 адам мен 14 техника қатысты.

Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Зардап шеккендер жоқ.