Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған мылтықтың елордада есептен шығарылғанын растады, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
"Иә, өкінішке қарай мұндай жайт болды. Біреулер бірдеңені сатқаны емес, қызметкерлердің немқұрайлығы болған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды және тергеу аясында біз барлық мән-жайды, яғни жою орнындағы кінәліні, кім сатқанын анықтаймыз. Бұл сұрақтардың бәріне жауап береміз", - деді Ержан Сәденов мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.