Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев Бейжіңдегі әскери парадты тамашалады

Бейжіңде Жапония басқыншылығына қарсы Қытай халқының қарсыласу соғысындағы және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру өтіп жатыр.

Тоқаев Бейжіңдегі әскери парадты тамашалады
Фото: Ақорда

Салтанатты шараларға Қазақстан мен Ресей президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин, сондай-ақ басқа елдердің басшылары қатысып жатыр.

Парадта барлау және соққы беретін ұшқышсыз ұшу аппараттары, ұшқышсыз басқарылатын жауынгерлік ұшақтар, палубада орналасқан ұшқышсыз тікұшақтар көрсетілді.

Қытай парадта алғаш рет өзінің стратегиялық құрлық, теңіз және әуе күштерін ядролық үштік ретінде көрсетті.