Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстанға келген Иордания королі Тоқаевқа орден тапсырды

Бүгін Ақордада өткен келіссөздерден кейін Иордания королі ІІ Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы елдің "Әл-Нахда" жоғары орденін тапсырды, деп хабарлады Ақорда.

Қазақстанға келген Иордания королі Тоқаевқа орден тапсырды
Фото: Ақорда

Король Қазақстан басшысының Иордания мен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту ісіне елеулі үлес қосқанын ерекше атап өтті.

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев корольдіктің жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттағаны үшін ІІ Абдалла бен әл-Хусейнге және достас иордан халқына алғысын жеткізді. 

"Ұлы Мәртебелі, сізді аса көрнекті мемлекет қайраткері әрі көшбасшы ретінде бағалаймын. Сондықтан бұл марапатты өзіңізге деген шынайы құрметпен қабыл аламын. Осы айтулы оқиғаны Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігінің арасындағы өзара сенімге негізделген ынтымақтастықтың символы санаймын. Біз ықпалдастығымыздың жаңа көкжиегі белгіленген бүгінгі келіссөздердің қорытындысына баса мән береміз", - деді Тоқаев. 

Осы орайда Тоқаев Иордания королінің сапары серіктестікті одан әрі нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді. Ал екі ел арасындағы конструктивті диалог пен тығыз қарым-қатынас алдағы уақытта да кеңейе бермек.

"Бұл жаңа бағыттарды қамтып, екіжақты әріптестіктің дамуына ғана емес, өңірлік және жаһандық тұрақтылыққа да ықпал етеді деп ойлаймын", – деп атап көрсетті Тоқаев.