Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні халыққа биылғы Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, - деп жазды Руслан Желдібай телеграмдағы ресми парақшасында.