Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Конституция күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады

30 тамызда қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Конституция күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады
Фото: Kazinform

"Электрондық үкімет" порталындағы демалыс және мереке күндерінің күнтізбесінде берілген ақпаратқа сәйкес, 30 тамызда аталып өтетін Конституция күні сенбіге түсіп тұр.

"Егер мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, демалыс күні бір күнге ұзартылады", - делінген сайтта.

Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн – 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек (сенбі, жексенбі және дүйсенбі) демалыс алады.