Бүгін, 22 тамыз күні Талғар аудандық сотында өтіп жатқан сот процесі барысында Хасан Қасымбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Сот отырысында айыптау актісін мемлекеттік айыптаушы оқып шыққаннан кейін, судья Айнагүл Тұқыбаева Қасымбаевтан кінәсін мойындайтынын не мойындамайтынын сұрады.
— Кінәмді толығымен мойындамаймын, — деп жауап берді Қасымбаев.
Еске салайық, Хасан Қасымбаев былтыр қараша қамауға алынды. Бас прокуратура Талғарда адам ұрлап, ұрып-соғуға қатысты істі қайта қарады. Хасан Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша айып тағылып отыр.