Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ақорда.
"22 тамыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады. Бішкекте мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.