Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін. Бұл туралы Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-дағы ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін
Фото: Ақорда

«Мемлекеттер басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде талқылады. Қазіргі кезде сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр», - деп жазды Руслан Желдібай. 

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған еді.

Президенттер өзара байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.