Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тоғызыншы дан қара белбеуін иеленгеннен кейін таеквондо дәстүріне сай тақтайды сындырды, деп хабарлайды Ақорда.
"Президент жаттығу тақтайшасына қолтаңба қалдырды. Сондай-ақ Чунгвон Чоудың өтінішімен таеквондо дәстүріне сай тақтайды сындырды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті мемлекет басшысына ерекше құрметтің белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті.