Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Болашақпен Лондонға күйеу табу үшін барған»: Психолог Айгүл Иманбаева жайлы

Психолог Шолпан Есмағанбетова «Болашақ» бағдарламасы арқылы Лондонда білім алған әнші Айгүл Иманбаева туралы өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Болашақпен Лондонға күйеу табу үшін барған»: Психолог Айгүл Иманбаева жайлы
Коллаж: sn.kz

Бұл туралы ол Youtube арнасындағы видеода айтты.

"Айгүл Лондонға ағылшын тілін білмей барған, IELTS нәтижесі — небәрі 3.0. Тілді білмей тұрып, бюджет қаржысына әлемнің ең қымбат қаласына оқуға бару қалай мүмкін болды? Бұл ақылға қонбайды. Оның негізгі мақсаты — тұрмысқа шығу болған. «Болашақ» оған сол мақсатқа жетудің жолын ашты. Бұл — алдын ала жоспарланған әрекет. Ол бағдарламамен барып, кейін күйеуіне тұрмысқа шықты", — деді ол.