Прямая трансляция

Астана

Астана

-23.03°C

Донорлыққа келісім бергендердің саны үш есеге жуық өсті

Қазақстанда донорлыққа келісім бергендердің саны 3 есеге жуық өсті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Донорлыққа келісім бергендердің саны үш есеге жуық өсті
Фото: ДСМ

2025 жылы Қазақстанда 12 671 адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін берген.

"Бұл жай ғана статистика емес. Әрбір осындай шешім – трансплантаттауды күтіп отырған бірнеше адамның өмірін сақтап қалу мүмкіндігі", - деп жазылған хабарламада.

Жалпы алғанда, соңғы үш жылда қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа саналы түрде келісім берген азаматтар саны шамамен 3 есеге артты:

2023 жылы – 4 991 адам,

2024 жылы – 7 242 адам,

2025 жылы – 12 671 адам.