Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

Шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл-орталықтың қызметі әшкереленді - бас прокурор

Бас прокурор Берік Асылов құқық қорғау органдарының жұмыс тәсілдері қылмысқа ден қоюмен шектелмей, қауіп-қатердің алдын алу арқылы өзгеріп жатқанын мәлімдеді.

Шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл-орталықтың қызметі әшкереленді - бас прокурор
Фото: polisia.kz

Мәселен, Ішкі істер министрлігі және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жасанды интеллект пен ұшқышсыз технологияларды қолдану арқылы азаматтарға қылмыстық қол сұғу ықтималдығы жоғары 360-тан астам қауіпті локация анықталды. 

"Бұл жерлерде полицияның патрульдеуі күшейтіліп, 4 мыңға жуық жаңа жарықтандыру нүктесі және 3,5 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылды. Мұндай тәсіл өз нәтижесін беріп отыр. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елдегі қылмыс деңгейі 11%-ға төмендеді. Адам өлтіру, қарақшылық, тонау, қорқытып алушылық, ұрлық және көшелерде жасалатын қылмыстар азайды", - деп жазды Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Ал "Кибернадзор" жүйесі есірткіні насихаттау белгілері бар 10 мың материалды, оның ішінде 6 мыңнан астам есірткі дүкенін бұғаттады. Бас прокурордың мәліметінше, соңғы жылдары алғаш рет интернет-алаяқтықтың өсу үрдісін өзгертуге қол жеткізілді - олардың саны 9%-ға төмендеді.

"Құқық қорғау органдары мен "Қазақтелеком" АҚ-ның бірлескен күш-жігерімен миллионнан астам күдікті қоңырау тоқтатылып, шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл-орталықтың қызметі әшкереленді", - деді Берік Асылов.

Сонымен қатар Ұлттық Банктің Антифрод-орталығы арқылы 2,9 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық транзакциялар бұғатталды