Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Теміржолшылардың қырағылығы – қауіпсіздік кепілі

Тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосып жүрген мамандардың бірі – теміржолшылар. Әсіресе, елордадағы Астана станциясы еліміздің барлық аймағын байланыстыратын маңызды торап, деп хабарлайды Paryz.kz.

Теміржолшылардың қырағылығы – қауіпсіздік кепілі
Фото: ҚТЖ

Көлік қызметкерлері күні қарсаңында осы салада ұзақ жыл еңбек етіп жүрген станция кезекшісі Серік Құнанбайұлы өз жұмысының ерекшеліктері туралы 24KZ арнасына берген сұхбат барысында айтып берді.

Темір жол саласы өте қырағылық пен жоғары жауапкершілікті талап етеді. Таңертең жұмысқа келгенде алдымен жиналыс өткіземіз. 

«Онда күнделікті атқарылатын жұмыстарды жоспарлап, арнайы тексерістен өткен соң ауысымды қабылдаймыз. Бүкіл станцияның жұмысын басқарып, пойыз қозғалысын үйлестіріп отырамыз. Диспетчер бағыттаманы береді, біз жолаушылар пойыздарының кестеден кешікпеуін және барлық қозғалыс тәртібін қадағалаймыз. Бұл - біздің негізгі міндетіміз», – дейді ол. 

Серік Құнанбайұлының айтуынша, Астана станциясы – еліміздегі ең ірі станциялардың бірі. Мұнда төрт бағытта жұмыс жүргізіледі.

Жүк пойыздарынан бөлек, жолаушылар пойыздарының да саны көп. Біздің ерекшелігіміз бір парктен бір уақытта бес пойызды жөнелте аламыз. 

Бұл үшін арнайы айналма жол бар. Жалпы станцияда жеті парк бар, мұны да айрықша артықшылығымыз деп айтуға болады,- деді ол.