Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

БҚО-да 50-ге жуық ірі қара малды ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

БҚО-да 50-ге жуық ірі қара малды ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті

2024 жылдың қараша айынан 2025 жылдың 13 маусымына дейінгі аралықта күдіктілер қыстақтар маңындағы еркін жайылымнан 49 бас ірі қара малды ұрлаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 20 миллион теңгені құрайды.

Олардың мал ұрлығымен байланысты төрт дерекке қатысы бар екені анықталды.

Аталған факті бойынша төрт күдікті ұсталды. Қазір алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.