2025 жылғы 1 тамыз күні сағат 14:00-ден бастап өңір аумағында ауқымды электр қуатының ажырауы тіркелді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Талдықорған көлік-электр желілік компаниясының мәліметінше, жарық Талдықорған қаласында және облыстың басқа да елді мекендерінде жоқ.
Электр энергиясының өшуіне байланысты жолдардағы бағдаршамдар да жұмыс істемей тұр.
Сағат 15:30-дағы жағдай бойынша жарық әлі берілген жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Ресми қызметтер жағдайдың мән-жайын анықтап, электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.