Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев Путинге көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Бұл туралы Ақордаға хабарлайды.

Тоқаев Путинге көңіл айтты
Фото: Ақорда

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айтты", - делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салсақ, бүгін Ресейдің Амур облысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, оның бортында 48 адам (алтауы — экипаж мүшесі) болған. 112 telegram-каналындағы ақпаратқа сәйкес, негізінен ұшақта 49 адам болуы керек еді, алайда Марина Авелян есімді жолаушы немересі ауырып қалғасын, ұшаққа отырмай, аман қалған.