Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Дәрігерлердің қосымша ақысы өсті

Қазақстанда алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігерлердің қосымша ақысы екі-үш есеге өсті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігіне қарасты республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының директоры Айгүл Қасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Дәрігерлердің қосымша ақысы өсті
фото: Sputniknews

Биылдан бастап медицина қызметкерлеріне алғашқы көмек үшін төленетін ақы өзгерді.

"Бұрын тіркелген бір адамға 100 теңге төленсе, биылдан бастап екі есе көбейтілді. Осылайша, индикаторлардың барлығы қайта қаралды. 278-ші бұйрық бар. Соған сәйкес, учаскелік мейірбикелер мен дәрігерлер өз индикаторларын орындаса, жалақыға қосымша ақы төленеді", - деді Қасымова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Оның айтуынша, бұған дейін ынталандыру аясында жалақыға қосымша 30-40 мың теңге алуға мүмкіндік болған. "Қазір осы сомадан екі есе, тіпті, үш есе артық алуға болады. Ол үшін тек тіркелген халықтың арасында профилактикалық жұмысты күшейтуі керек", - деп атап өтті орталық басшысы.