2025 жылғы тамыз айында қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді. Осылайша мемлекеттік мерекеге орай отандастарымыз үш күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Атап айтқанда: 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге түседі.
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, мереке демалыс күніне сәйкес келсе, демалыс келесі жұмыс күніне, яғни дүйсенбі – 1 қыркүйекке ауыстырылады.
Осылайша, қазақстандықтар 30-31 тамыз күндері мен 1 қыркүйекті қоса алғанда қатарынан үш күн демалады.
Сонымен қатар тамыз айында дәстүрлі сенбі-жексенбі демалыстарын есепке алғанда, жалпы 10 демалыс күні болады. 2025 жылғы тамыздағы демалыс күндері:
2–3 тамыз (сенбі-жексенбі);
9–10 тамыз (сенбі-жексенбі);
16–17 тамыз (сенбі-жексенбі);
23–24 тамыз (сенбі-жексенбі);
30–31 тамыз (сенбі-жексенбі).