Қазақстанның мемлекеттік қарызы 40 миллиард теңгеге өсті, деп хабарлайды Қаржы министрлігі.
"Бұл ретте мемлекеттік қарыз белгіленген лимит шегінде қалды. Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша ол 31,9 триллион теңге болды", - дейді қаржы министрлігінің басшысы Мәди Такиев.
Өсудің негізгі факторы – республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және бұрынғы қарыздарды игеру.
Жалпы ішкі өнім өскендіктен мемлекеттік қарыздың жалпы ішкі өнімге қатынасы төмендеп жатыр.
Егер 2020 жылы мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімнің 29,2%-ін құраса, былтыр ол 23,5%-ке дейін төмендеді, ал биыл 21,1%-ке түсті.
"2030 жылға дейін белгіленген мемлекеттік борыш лимиті сақталады", - дейді Такиев.